Ауа райы: Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жел тұрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауа райы: Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жел тұрады

06.06.2016
Ауа райы: Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жел тұрады

Бүгін Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай болып, желдің күшеюі сақталады. Тек республиканың оңтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.

Атырау, түнде Алматы, күндіз Ақмола облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнайды.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, бұршақ жаууы ықтимал.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде найзағай болып, жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі.

Қызылорда облысының  кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Манғыстау, Қарағанды облыстарының  кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

 

Хабарламаларға жазылу