Қ.Бозымбаев: Қазақстан «Еуро-4» және «Еуро-5» стандартты бензин шығарады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қ.Бозымбаев: Қазақстан «Еуро-4» және «Еуро-5» стандартты бензин шығарады

06.06.2016
Қ.Бозымбаев: Қазақстан «Еуро-4» және «Еуро-5» стандартты бензин шығарады

Қазақстанда «Еуро-4» жəне «Еуро-5» стандартына сәйкес бензин шығарылады. Бұл туралы бүгін халық алдында есеп берген Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлім етті.

 «Қазіргі таңда еліміздегі үлкен үш мұнай зауытында модернизация жұмыстары жүріп жатыр. Жаңғырту нәтижесінде Қазақстанда «Еуро-4» жəне «Еуро-5» стандартына сәйкес бензин шығарылады. Сонымен қатар, біз ішкі жанармай нарығын сапалы бензинмен қамтуды көздеп отырмыз. Бұл мәселелерді біз жан-жақты талдап, алдағы жылдарға жоспар əзірлеуге кірістік»,-деді Қ.Бозымбаев.

Министр атап өткендей,  2015 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстанда мұнай мен конденсант өндiру көлемi 79,5 млн тоннаны құраған. «2016 жылдың алғашқы төрт айында 26,2 млн тонна мұнай өндiрiлдi. Осылайша, бiз жоспарды 4 пайызға асыра орындап отырмыз. Мұнай бағасының өсуi компанияларға осы жылдың жоспарын асыруға мүмкiндiк бередi. Халықаралық сарапшылардың болжамы бойынша, мұнайдың әлемдiк бағасы тек 2017-2018 жылдары баррелi 60-65 доллар деңгейiнде болады. Бiз мұнай өндiру көлемi 2017 жылы тұрақтанады деп болжап отырмыз»,-деді Бозымбаев.

 

Хабарламаларға жазылу