Құтқарушылардың айтуынша суға кету оқиғалары әсіресе маусым айында көбейіп кетеді. Бұл айда адамдар күннің салқындығына қарамастан суға шомылып, қауіпсіздікті ұмытып кетеді. Мамандардың айтуынша бұл мезгілде судың беткі қабаты ғана жылып астыңғы бөлігі салқын болады. Сондықтан суға түсушілер арасында аяқ қолдары тартылып қалу жиі кездеседі.
Мүсілім ГҮЛЗАТ
Мүсілім ГҮЛЗАТ