Қазақстанда алдағы үш тәулікте өткінші жаңбыр жауады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда алдағы үш тәулікте өткінші жаңбыр жауады

06.06.2016
Қазақстанда алдағы үш тәулікте өткінші жаңбыр жауады

Ресейдің еуропалық бөлігінен ауысып отырған атмосфералық ағындар алдағы үш тәулікте республиканың бүкіл аумағында кей жерлерде найзағайлы жаңбырлар,  екпінді желге себеп болуы мүмкін.

«Қазгидромет» РМК-нің ақпаратынша, кей жерлерде бұршақ түсуі ықтимал. Республиканың батыс және солтүстік облыстарындағы ауа температурасы орташа көпжылдық көрсеткіштерінің шамасында және кейбір жерлерде 1-2 градус төмен болатыны шамаланып отыр. Қалған аумағында ол нормадан 2-4 градус жоғары болады.

 

Хабарламаларға жазылу