Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин «Терроризм қаупі» туралы лекция оқыды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин «Терроризм қаупі» туралы лекция оқыды

18.05.2016
Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин «Терроризм қаупі» туралы лекция оқыды
Таяу шығыста 2005 жылға дейін 4,5-5000 террорлық әрекет болса, одан бері лаңкестік жарылыстар саны екі-үш есеге өскен. Тіпті өткен жылы ғана террорлық актілер 14 мыңға жетті. Олардың 60 пайызға жуығы Ауғанстан, Пәкістан, Индия, Ирак, Сирия елдерінде болған. Яғни, бұл елдер лаңкестік қауіп ошағына айналып отыр. Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығында лекция оқыған Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры, саясаттанушы Ерлан Қарин осылай деді.

Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы бастаған офицерлер мен әскерилерге Президент жанындағы стратегиялық зерттеулер институтының сарапшылары әлемдегі және Орталық Азиядағы әскери-саяси жағдайлар, ақпараттық кеңістіктердегі қауіп, кибер-қауіпсіздік, өңірлік геосясаси мәселелер жөнінде ай сайын лекция оқитын болады. Бұл шара желтоқсан айына дейін жалғаспақ.

Хабарламаларға жазылу