Қазақстанның Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Ержан Қазыханов белгілі британдық сәулетші Норман Фостерге Елбасының бейбітшілік және прогресс мемлекеттік сыйлығын табыстады. Елші Ержан Қазыханов Норман Фостерге Қазақ астанасының сәулетіне қосқан айрықша үлесі үшін алғыс білдірді.