Қазақстандықтардың 92,4 пайызы Елбасының Жер кодексінің бірқатар нормаларына мораторий енгізуін толық қолдайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтардың 92,4 пайызы Елбасының Жер кодексінің бірқатар нормаларына мораторий енгізуін толық қолдайды

07.05.2016
Қазақстандықтардың 92,4 пайызы Елбасының Жер кодексінің бірқатар нормаларына мораторий енгізуін толық қолдайды
Қазақстандықтардың 92,4 пайызы Елбасының Жер кодексінің бірқатар нормаларына мораторий енгізуін толық қолдайды











Елбасының жер кодексінің бірқатар нормаларына мораторий жариялауын қазақстандықтардың 92,4 пайызы қолдайды. Қоғамдық-саяси үдерістердің сарапшылық-жобалау бюросы шұғыл сауалнама жүргізіп, осындай нәтижеге көз жеткізген.

Сонымен, халықтың 92,4 пайызы мораторийді қолдайды. Ал, Мемлекет басшысының күн тəртібіндегі көкейкесті мəселелер бойынша сөйлеген сөзінен халықтың 96,3 пайызы хабардар. Қазақстандықтардың 95,2 пайызы мемлекеттік органдардың түсіндіру жұмыстарын жақсарту жөніндегі тапсырмаларын дұрыс жəне уақытылы десе, 93,7 пайызы - Жер кодексінің нормалары бойынша қосымша түсіндіру жұмыстары жүргізілуі қажет деп санайды.

Сондай-ақ, респонденттердің басым көпшілігі Үкімет жанынан көкейкесті мəселелер бойынша барлық қажетті ақпараттар алуға болатын «шұғыл желі» - біртұтас Call-орталық құру туралы тапсырмасын қолдайды. Сұрау салынғандардың 95,2 пайызы «Қазақстандағы тұрақтылық пен татулықты нығайту - ол əрбір қазақстандықтың ісі» деген Нұрсұлтан Назарбаевтың тезисімен келісетіндігін айтқан.

Сауалнама нәтижесі:

92,4 пайыз қолдайды
96,3 пайыз хабардар
95,2 пайыз тапсырма дұрыс жəне уақытылы
93,7 пайыз қосымша түсіндіру жұмыстары қажет
96,3 пайыз Call-орталық құруды қолдайды
95,2 пайыз тезиспен келіседі


Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу