Қуандық Бишімбаев Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды. Ал, Асқар Мырзахметов Ауыл шаруашылығы министрі, Дәурен Абаев жаңадан құрылған Ақпарат және коммуникация министрі болды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының жарлықтарымен Ерболат Досаев Ұлттық экономика министрі қызметінен, Асылжан Мамытбеков Ауыл шаруашылығы министрі қызметінен босатылды.