3 миллионнан астам халқы бар Челябі облысында 35 мыңға жуық қазақ тұрады. Бүгінде оларды толғандыратын басты мәселелердің бірі – тамырынан ажырамау, ана тілін ұмытпау.
Қазақ тілінен дәріс беретін ресейлік ұстаздарға қостанайлық мамандар 2009 жылдан бері үзбей көмек көрсетіп келеді. Осы уақыт аралығында 1 мыңнан аса оқу құралы беріліп, ондаған оқу-әдістемелік семинарлар өткізілді.
Келелі кездесуде ғаламтор арқылы онлайн сабақтар ұйымдастырудың да жолдары қарастырылды. Ал, отырысқа қатысқан Челябі облысы әкімшілігінің өкілі «Келешекте қазақ тілі жеке пән ретінде оқытылуы мүмкін» дегенді айтты. Бұл оқушылардың өз таңдауымен қосымша білім алуына берілетін 9 сағаттың есебінен жүзеге асуы ықтимал.
Дәуренбек ӘБДІБЕК