Аралағаш пен Рублевка ауылдарының арасы 5 шақырым. Сәуірдің басында Тораңғұл көлі тасып, мол су осы араға дейін жетті. Жергілікті атқарушы билік пен арнайы мамандар жанталаса ауылды қоршап бөгет салды. Абырой болғанда, екпіні қанша қатты болса да, қызыл су бөгенді бұза алмады.
Қазір көз жетер көкжиекке дейін айнала су жайылған. Жалғыз себеп жердің ойпаңдығы. Ортасында асфалт зауыты арал болып тұр. Десе де енді судан қауіп жоқ.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ
Қазір көз жетер көкжиекке дейін айнала су жайылған. Жалғыз себеп жердің ойпаңдығы. Ортасында асфалт зауыты арал болып тұр. Десе де енді судан қауіп жоқ.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ