Меморандумға «Қазақстан халқы Ассамблеясының қоры» атынан осы қордың Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Юрий Тимощенко мен «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның Басқарма төрайымы Нұржан Мұхамеджанова қол қойды. Бұл меморандум қайырымдылық шараларын жүзеге асыру мақсатын көздейді.
Тараптар осы құжат арқылы қоғам назарын өскелең ұрпақтың, балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан асыраушысыз қалған балалардың, мүгедек балалардың денсаулықтарына аударып, балалар шығармашылығын қаржыландырып, тұрғындарға әлеуметтік-гуманитарлық көмек көрсетуді көздеп отыр. Сондай-ақ, тараптар қайырымдылық шараларын ұйымдастыру үшін ыңғайлы орта қалыптастырып, жалпы қайрымдылықты насихаттап, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға негіз қалағалы отыр.
Яғни, аталмыш келісімге қол қойып отырған ұжым өкілдері болашақта өмірде қандай да бір қиын жағдайға душар болып, тығырықтан шыға алмай қиналған жандарға қол ұшын созып, көмек көрсетеді. Бұл ретте тараптар ойластырылған мәселелерді келісілген түрде бірлесе отырып, жүзеге асырмақ.

Kaznews.kaztrk.kz