Мәңгілік ел болу – халықтың ортақ мүддесі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәңгілік ел болу – халықтың ортақ мүддесі

28.04.2016
Мәңгілік ел болу – халықтың ортақ мүддесі
«Мәңгілік Ел» актісінде негізгі 7 бағыт айқындалған.

«Мәңгілік Ел» патриоттық актісі қарапайым, түсінікті және әрбір қазақстандық үшін ең қымбат құндылықтарды біріктірген. Оның жобасын әзірлеуге жастар, қоғам қайраткерлері, түрлі этномәдени орталықтардың өкілдері белсенді қатысты. Ақмолалықтар бұл құжат еліміздегі ұлтаралық татулықты ту еткен ағайынның бірлігін одан әрі бекемдей түсетініне бек сенімді.

«Мәңгілік Ел» актісінде негізгі 7 бағыт айқындалған. Оның біріншісі, әрине, еліміздің Тәуелсіздігі және егемен елдің жарқын бейнесіне айналған - Астана. Ал, Тәуелсіздікті тұғырлы етуде басты тетік - жалпыұлттық бірлік, қарыштап дамып келе жатқан Қазақстандағы бейбітшілік пен келісім.

Ермек ЕЛБЕРГЕН

Хабарламаларға жазылу