Ақтөбелік 234 жас отбасы баспаналы болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбелік 234 жас отбасы баспаналы болды

28.04.2016
Ақтөбелік 234 жас отбасы баспаналы болды
«Нұр Ақтөбе» шағын ауданындағы 9 қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді.

Ақтөбелік 234 жас отбасы қоныс тойын тойлады. «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» мемлекеттік бағдарламасының «Жас отбасыларға арналған тұрғын үй» бағыты бойынша «Нұр Ақтөбе» шағын ауданындағы 9 қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді.

«Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» желісі бойынша пәтердің 1 шаршы метрі 90 000 теңгеден берілді. Жас отбасылармен 8 жылдан аспайтын мерзімге жалдау шарты жасалды, осы уақыт ішінде ерлі-зайыптылар несие алулары үшін «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі» шоттарын міндетті түрде толтырып отырулары қажет.

Жақсыбек КЕМАЛ

Хабарламаларға жазылу