Астанада Қазақстан тарихы пәнінен оқушылар арасындағы XI олимпиада мәресіне жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Қазақстан тарихы пәнінен оқушылар арасындағы XI олимпиада мәресіне жетті

25.04.2016
Астанада Қазақстан тарихы пәнінен оқушылар арасындағы XI олимпиада мәресіне жетті
«Тарих ата» деп аталатын білім бәйгесі екі кезең бойынша өтті. Бастапқы кезеңде онлайн, яғни қашықтық арқылы 1600-ден астам бала қатысып, оның 150-ге жуығы ақтық сынға жолдама алған.

Олимпиаданың финалына 5-10 сынып аралығындағы 148 жас тарихшы жолдама алды. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар 1,2,3 дәрежелі дипломдармен марапатталды. Салтанатты рәсім Қазақстан республикасының Тұңғыш президенті-Елбасы кітапханасының ғимаратында өтті.

Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу