Қостанай облысындағы Суриков ауылын су басты (толығырақ) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысындағы Суриков ауылын су басты (толығырақ)

15.04.2016
Қостанай облысындағы Суриков ауылын су басты (толығырақ)
Қостанай ауданына қарайтын Суриков ауылы шағын көлдің жағасында орналасқан. Биыл қардың мол болуы мен жерге қалың тоң қатуының себебінен су топыраққа сіңіп үлгермеген. Әрі соңғы күндері күннің күрт жылынуы көл деңгейінің жылдам көтерілуіне әкеп соқты.

Қазір елді мекендегі 35 үйдің 20-дан астамы суда тұр. Адамдар мен төрт түлік зардап шекпеген. Олардың бәрі қауіпсіз жерлерге орналастырылды. Аудан басшылары мен төтенше жағдайлар қызметі осында күні-түні кезекшілікте.

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу