Үздік стартап авторлары Сингапурге барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үздік стартап авторлары Сингапурге барады

08.04.2016
Үздік стартап авторлары Сингапурге барады
Бұл жарыста жеңгендер жазда Сингапурде өтетін «Echelon Asia Summit - 2016» халықаралық конференциясына жолдама алады.

Оған Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен іріктелген 3000-ға жуық интернет-бизнес өкілі қатыспақ.

Ал, Алматыдағы жарыста Қазақстандық 21 команда инновациялық жобаларын ұсынып жатыр. Шетелдік мамандар олардың ішінен оқ бойы озық шыққан 8-ін таңдап алады. Ең бастысы, жеңімпаздардың туындыларын Азиядағы ірі инвесторлардың назарына ұсынуға мүмкіндік зор.

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу