Бұл мәлімет «Қазақстанның әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері» атты конференцияда айтылды. Сарапшылар - ұрыстың мұндай түріне - мыңдаған сарбаз қатыспайды. Бұл соғыс – арандату, бүлік жасау арқылы жүргізіледі. Ылаң салу, берекені қашырудан бөлек, экономикалық қысым, ақпаратты бұрмалау дейтін құралдар қосылады. Міне, Қазақ елі мен армиясы осындай қауіп-қатерге төтеп бере алуы керек, - десті жиынға қатысушылар.