Парламент Мәжілісінің бір топ депутатының Астанадағы қонақ үйлердің бірінде тұрып жатқаны туралы деректерді бірқатар ақпарат құралдары таратқан болатын. Алайда, БАҚ хабарлап жатқандай олар күніне 120 мың теңге төлейтін бөлмелерде тұрмайды. Одан әлдеқайда аз.
Мәжіліс депутаты Марат Бопазов өздерінің жұрт айтып жүргендей қонақ үйдің аса қымбат бөлмелерінде тұрмайтынын атап өтті. Депутат әріптестерінің күніне 30 мың теңге төленетін бөлмелерде уақытша тұрып жатқанын айтты.
Естеріңізге сала кетейік, Парламент Мәжілісінің жаңадан сайланған депутаттары баспанамен қамтамасыз етілгенге дейін елордадағы қонақ үйлердің бірінде уақытша тұратын болып шешілген еді.

Kaznews.kaztrk.kz