Шығыс Қазақстанда Ұлыстың Ұлы күні орталық алаңда тойлануда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда Ұлыстың Ұлы күні орталық алаңда тойлануда

22.03.2016
Шығыс Қазақстанда Ұлыстың Ұлы күні орталық алаңда тойлануда
Шығыс Қазақстанда Ұлыстың Ұлы күніне арналған түрлі шаралар осыдан 10 күн бұрын басталған.

Шығысқазақстандықтар көктемнің шуақты мерекесін 10 күн бойы тойлатып жатыр. «Ырыс» күнінен кейін Наурыздың 14-і «Дәстүр күні» деп белгіленіп, салт-дәстүрімізді дәріптейтін көрмелер мен мәдени шаралар өтті. Наурыздың 16-сында «Көктем шуағы» деген атаумен мәдени-бұқаралық іс-шаралар, ән және би байқаулары ұйымдастырылды.

«Қамқорлық күнінде» қарияларға, майдангер ардагерлерге үй шаруасына көмек көрсетілді, қайырымдылық шаралар өтті. «Қуаныш күнінде» облыс тұрғындары көшелерді мерекелік безендірумен айналысты. Ал бүгін «Ұлыс күні» барлық аудан мен қалада ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, концерттер өтуде.

Берік КӨШЕРБАЙ

Хабарламаларға жазылу