Алматыда «Аутизмді жеңеміз» жобасы бойынша арнайы бейімдеу курсынан өтіп жатқан балалар өнер көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Аутизмді жеңеміз» жобасы бойынша арнайы бейімдеу курсынан өтіп жатқан балалар өнер көрсетті

18.03.2016
Алматыда «Аутизмді жеңеміз» жобасы бойынша арнайы бейімдеу курсынан өтіп жатқан балалар өнер көрсетті
Шарапатты шарада жас жеткіншектер түрлі театрландырылған қойылымдар қойып, ән салды, би биледі.

Жалпы осы жоба басталғалы 2 жылдың ішінде мамандар аутизммен науқастанған балалары бар 2000-нан астам отбасыға кеңес берген. 17 баланың дертінен толық емделуіне көмектескен.

Сондай-ақ, Алматы, Астана, Қарағанды, Қызылордада ата-аналарға кеңес беретін орталықтар ашылып, тұрақты жұмыс істеуде. Ал, бүгінде Алматыда 300-дей баланың ата-анасы дәріс алып, балалармен тығыз қарым-қатынас жасаудың түрлі тәсілдерін үйреніп жатыр.

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу