Шаруаларға арзан бағамен жанармай берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шаруаларға арзан бағамен жанармай берілді

17.03.2016
Шаруаларға арзан бағамен  жанармай берілді
Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін 1 литр жанармайдың Үкімет белгілеген шектік құны – 85 теңге.

Көктемгі дала егісі үшін Оңтүстік Қазақстан облысы шаруаларына арзан бағамен 38 мың тонна жанар-жағар май бөлінді. Оның 14 мың тоннасы осы наурыз айының соңына дейін, қалған бөлігі сәуір және мамыр айларында беріледі.

Шаруаларға қажетті жанар-жағармайды тасымалдаушы операторлар үлестіріп береді. Мақтарал ауданында екі, қалған аудандарда бір-бірден тасымалдаушы оператор белгіленген.

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін 1 литр жанармайдың Үкімет белгілеген шектік құны – 85 теңге.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу