Иегова куәгерлеріне қатысты шешім күшінде қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иегова куәгерлеріне қатысты шешім күшінде қалды

17.03.2016
Иегова куәгерлеріне қатысты шешім күшінде қалды
Осы діни бірлестіктің Алматы қаласындағы жетекшісі әкімшілік жауапқа тартылған.

Дін істері комитетінің Иегова куәгерлерінің 3 бірдей діни басылымын Қазақстан аумағына кіргізбеу туралы шешімі заңды. Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты осындай шешім шығарды.

Айта кету керек, Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Дін істері комитеті Иегова куәгерлері Христиан орталығы тарататын «Ояныңыз», «Шын мәнісінде библия үйретеді» және «Құдайдың сүйіспеншілігіне бөленіңіз» атты діни кітаптарды адамгершілік және моральдық талаптарға сай келмейді деген шешім шығарған еді.

Комитеттің бұл шешімімен келіспеген куәгерлер сотқа шағымданған. Алайда, олардың талап-арызын қанағаттандырмады.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу