Биыл елімізде 30 мыңға жуық азамат әскер қатарына шақырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл елімізде 30 мыңға жуық азамат әскер қатарына шақырылады

12.03.2016
Биыл  елімізде 30 мыңға жуық азамат әскер  қатарына  шақырылады
Биыл  елімізде 30 мыңға жуық азамат әскер  қатарына  шақырылады

Биыл еліміз бойынша 30 мыңға жуық азамат міндетті қызметтерін өтеу үшін әскер қатарына шақырылады. Оларды әскер қатарына шақырудың алғашқы кезеңі жуықта басталмақ. Келесі кезең күзде өтеді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жастарды әскер қатарына шақырудың көктемдегі кезеңі сәуірден басталады. Еліміздің заңдары бойынша әскер қатарына жастары 18 ге толған, 27 ден аспаған ер азаматтар шақырылуы тиіс. Олар медициналық комиссияның қорытындысы бойынша әскери борыштарын өтеуге жарамды деп танылса ғана Отан алдындағы міндеттерін өтейді. Дегенмен, оқу оқып жүрген немесе әскери міндетін өтеуі түрлі себептермен кейінге қалдырылған азаматтар да Қарулы күштер қатарына алынбақ емес.

Ал, әскер қатарына алынған жастар Қазақстанның Қарулы күштерінде, Ұлттық ұланда, Мемлекеттік күзет және Шекара қызметтерінде міндеттерін өтейді. Былтыр күзгі шақырылымда 12 мың азамат әскери міндеттерін өтеуге кірісті. Олардың 4 мыңы Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің, 2 мыңы ҰҚК Шекара қызметінің, 6500 ден астамы ІІМ Ұлттық ұланының, 300 ге жуығы Мемлекеттік күзет қызметінің құрамында әскери міндеттерін өтеп жатыр.



Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу