Президент Алғыс айту күнінің бұқаралық мейрам боларына сенеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Алғыс айту күнінің бұқаралық мейрам боларына сенеді

01.03.2016
Президент Алғыс айту  күнінің бұқаралық мейрам  боларына сенеді
Президент Алғыс айту  күнінің бұқаралық мейрам  боларына сенеді

Мемлекет басшысы Алғыс айту күнінің игі дәстүрге айналып, халқымыздың ең сүйікті мерекелерінің бірі боларына сенетіндігін айтты. Президент Нұрсұлтан Назарбаев бұл пікірін ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасында өткен Алғыс айту күніне арналған іс-шара барысында білдірді.

«Мен Алғыс айту күні игі дәстүрге айналып, халқымыздың ең сүйікті мерекелерінің бірі боларына сенемін», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Елбасы өз сөзінде қазіргі уақытта жер бетінде діни және ұлттық сипаттағы кикілжіңдер өршіп, көптеген аймақтарда қан төгіліп жатқандығын, миллиондаған адамның босқынға айналғанын атап өтті.

«Мұндай кезде адамдардың бір-біріне алғысын білдіріп, өздеріне жасаған жақсылықтарды еске алуы аса маңызды. Бұл жақсылықты бағалай білуге, оған жақсылықпен жауап қайтаруға, өзара сыйластық пен құрметке бастайды. Құндылықтардың қадіріне жете алған елдің келешегі кемел. Мен Алғыс айту күнін осындай мақсатпен белгіледім. Адамдар бүгінгі күні кемшіліктер болса, қатты сөздер айтылса, өкпесі болса кешіруі қажет», - деді Н.Назарбаев.

Президент сонымен бірге, кешірімді болудың да маңыздылығына тоқталды. «Мен бүгін таңертең барлық әріптестерімнен кешірім сұрадым. Жұмыс бабында ренжіп, ұрысқан болсам көңілдеріңізді түсірген болсам бүгіннен бастап барлықтарыңыз кешіріп, жаңа қарым-қатынасты бастайық» дегенін айтты Президент.


Kaznews.kaztrk.kz
Фото inform.kz cайтынан алынды

Хабарламаларға жазылу