Павлодар облысындағы 9 ірі кәсіпорында жұмыс орындары қысқармайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысындағы 9 ірі кәсіпорында жұмыс орындары қысқармайды

22.02.2016
Павлодар облысындағы 9 ірі кәсіпорында жұмыс орындары қысқармайды
Мұндай уағдаластыққа «ERG» компаниялар тобына кіретін кәсіпорындар, «KSP STEEL», Екібастұздағы жылу электр станциялары, Ақсу ферроқорытпа зауыты, Павлодар мұнай-химия зауыты және «Богатырь Көмір» ЖШС-і қол жеткізді.

Құжатқа сәйкес жыл аяғына дейін зауыттарда өнім шығару көлемі кемімейді. Еңбекақы дәл мерзімінде төленіп отырады. Бүгінгі күні аймақта осы тектес 1,5 мыңға жуық меморандум жасалды. Бұл 70 мың адамның жұмыс орындары тұрақты түрде сақталады деген сөз.

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу