Бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов журналистермен брифинг өткізді.
Қостанай облысында биыл 23 миллиард теңгеге 11 инвестициялық жоба жүзеге асады. Нәтижесінде, 500 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Инвестиция тарту ісі де жалғасады. Бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов журналистермен брифинг өткізіп, өңірдің экономикалық-әлеуметтік даму қарқынын баяндады.
Қостанайды былтыр негізгі қос серіктесі қос бүйірден қысты. Ол – Қытай мен Ресей. Нарықтағы шикізат бағасының төмендеуі өңірдің өркендеуін қиындатты.
Өнеркәсіп көлемі жыл ішінде 18 пайызға азайды. Тау-кен саласы мен темір концентраты 27 пайызға дейін кеміді. Өңдеуші сала да өндірістік көрсеткішін 9 пайыз төмендетіп алды.
Әсима НҰРБАЙ