Әкім сынынан соң қытайлық компаниялар аудармашы жалдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әкім сынынан соң қытайлық компаниялар аудармашы жалдады

04.02.2016
Әкім сынынан соң қытайлық компаниялар аудармашы жалдады
Бірнеше күн бұрын өңір басшысы «Ұлы қабырға» компаниясын сынға алып, қазақ тілін құрметтеуге шақырған болатын.

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың сынынан кейін қытайлық компаниялар қазақ тілді аудармашыларды жалдай бастады. Бірнеше күн бұрын өңір басшысы «Ұлы қабырға» компаниясын сынға алып, қазақ тілін құрметтеуге шақырған болатын.

Себебі, әкім мемлекеттік тілде сөйлеген кезінде Қытай елінің өкілдеріне оны аударып беретін адам табылмаған. Ал, осы жағдайдан кейін облыс орталығында «СНПС-Ақтөбе транспорттық компаниясы» мен «Шығыс мұнай және сервистік қызмет» мекемелерінің де есептік кездесулері өтті.

Әкім сынынан сабақ алған екі ұжым да қазақ және қытай тілдерін меңгерген аудармашылар жалдапты.

Жақсыбек КЕМАЛ

Хабарламаларға жазылу