Ресей Қазақстанға өтемақы төлейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей Қазақстанға өтемақы төлейді

04.02.2016
Ресей Қазақстанға өтемақы төлейді
Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер айтты.

Ресей Қазақстанға 2013 жылы құлаған «Протон-М» зымыраны үшін өтемақы төлейді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер айтты.

Бұдан былай Байқоңырда зымыранды ұшыру кезінде апат болса, 12 сағаттың ішінде комиссия құрылады. Бүгін сенаторлар Байқоңыр ғарыш айлағы туралы заң жобасын қабылдады.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу