Электрондық талап-арыз жүйесі енгізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Электрондық талап-арыз жүйесі енгізілді

04.02.2016
Электрондық талап-арыз жүйесі енгізілді
«109» бірыңғай кезекті-диспетчерлік қызметімен біріктірілген жүйе тұрғындар үшін тиімді болмақ.

Алматы әкімдігі тұрғындардың хаттарына жедел жауап берудің электрондық жүйесін енгізді. «109» бірыңғай кезекті-диспетчерлік қызметімен біріктірілген жүйе тұрғындар үшін тиімді болмақ.

Енді кез келген азамат әлеуметтік желілер арқылы қала әкімдігінің ресми аккаунтына арыз-шағым жолдайды. Ал, хаттарды арнайы мамандар сол сәтте тиісті мекемелерге жібереді.

Әрі қарай, аудан әкімдіктеріне қарасты 25 басқарма қызметкерлері көтерілген мәселені шешумен айналысады.

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу