Елімізде құрылыс саласы толықтай реформаланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде құрылыс саласы толықтай реформаланды

03.02.2016
Елімізде құрылыс саласы толықтай реформаланды
Ұлт жоспарының «100 нақты қадамын» жүзеге асыру бойынша кейбір Заңдар мен Кодекске өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, тиісінше 16 нормативтік құқықтық акті қабылданды.

Бұл туралы Құрылыс, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы істері және жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов мәлімдеді.

Алдағы 4 жылда құрылыс жобаларының 90 пайызы жеке меншікке берілмек. Бүгіннің өзінде жоба сараптамаларының 50 пайызы бәсекелестік ортаға тапсырылған.

Жалпы құрылыс саласына қатысты 4 қадамды іске асыру жолдарын кеңінен баяндаған комитет төрағасы тұрғын үй бағасы өспейтінін жеткізді.

Асима НҰРБАЙ

Хабарламаларға жазылу