Ұлттық арна журналисі «Халық сүйіктісі-2015» жүлдесіне ие болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арна журналисі «Халық сүйіктісі-2015» жүлдесіне ие болды

30.01.2016
Ұлттық арна журналисі «Халық сүйіктісі-2015» жүлдесіне  ие  болды
Ұлттық арна журналисі «Халық сүйіктісі-2015» жүлдесіне  ие  болды


Астанада «Халық сүйіктісі» жүлдесінің иегерлері марапатталды. Өткен жылда бұқараның назарында болып, еткен еңбектерінің, қоғамдық белсенділіктерінің арқасында көпшіліктің көңілінен шыққан азаматтарға арнайы сыйлықтар табыс етілді. «Халық сүйіктісі» атанған азаматтардың арасында Ұлттық арнаның Kaznews жаңалықтар қызметінің жүргізушісі, журналист Мейіржан Әлібекұлы да бар.

«Халық сүйіктісі» жүлдесінің иегерлері 2015 жылдың 25 қарашасы мен 15 желтоқсаны аралығында әлеуметтік желілерде, lubimec.kz сайтында дауыс беру арқылы таңдалған болатын. Халық әр салада қызмет атқарып, көпшіліктің көзіне түсіп жүрген азаматтарға дауыс берген еді. Нәтижесінде 2015 жылдың «сүйіктілері» анықталған-ды.

Ұлттық арна журналисі «Халық сүйіктісі-2015» жүлдесіне  ие  болды
Жеңімпаздардың қатарында «Жылдың тележурналисі» номинациясын жеңіп алған «Қазақстан» ұлттық арнасының журналисі Мейіржан Әлібекұлы да бар. Сонымен қатар, «Жылдың қоғам қайраткері» номинациясында Аружан Саин, «Жыл спортшысы» номинациясында Геннадий Головкин, «Жыл дəрігері» номинациясында Серік Ақшолақов, «Эстрада əртісі» номинациясында Димаш Құдайберген, , «Кино беделі» номинациясында Нұртас Адамбай, «Жыл публицисі» номинациясында Жарқын Түсіпбекұлы «Халық сүйіктісі-2015» жүлдесіне ие болды.

Ұлттық арна журналисі «Халық сүйіктісі-2015» жүлдесіне  ие  болды
Ал, «Жылдың үздік интернет басылымы» номинациясы KerekInfo.kz сайтына бұйырса, «Жылдың үздік жобасы» номинациясында Қазақ география қоғамдастығы, «Жылдың үздік ТВ ток-шоуы» номинациясында журналист Алмас Алтай жүргізетін «Ашығын айтқанда» бағдарламасы, «Жылдың үздік радиосы» номинациясында «Жұлдыз FM» радиостанциясы үздіктер тізіміне енді. Сондай-ақ, өзге де салаларда табысқа жеткен азаматтар марапатқа ие болды.
Ұлттық арна журналисі «Халық сүйіктісі-2015» жүлдесіне  ие  болды

Естеріңізге салар болсақ, «Халық сүйіктісі» жүлдесі биыл бесінші рет тапсырылып отыр. Мұндай жүлдені тағайындау идеясын «Республика-Аймақ-Даму» қоғамдық қорының жетекшісі, блогер Ғалым Байтұқ ортаға тастап, ұйымдастыру шараларына бас-көз болған еді. Нәтижесінде жүлде іс жүзінде «Халық сүйіктісін» таңдауға арналған платформаға айналды.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу