ОҚО-да ұлттық және өңірлік табиғи парктер аумағында туристік нысандар салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОҚО-да ұлттық және өңірлік табиғи парктер аумағында туристік нысандар салынады

26.01.2016
ОҚО-да ұлттық және өңірлік табиғи парктер аумағында туристік нысандар салынады
ОҚО-да ұлттық және өңірлік табиғи парктер аумағында туристік нысандар салынады

ОҚО-да ұлттық және өңірлік табиғи парктер аумағында туристік нысандар салынбақ. Осыған орай өңірдегі экологиялық туризмді дамыту мақсатында «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мен «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи парктерінің орман табиғи қорлары аумағында туризмді дамыту жобалары бизнес-қауымдастыққа таныстырылды.

Негізгі мақсаты мемлекеттік ұлттық табиғи парктер аумақтарында туристік және демалу қызметін жүзеге асыру үшін туризм нысандарын салуға өңірдің кәсіпкерлерін тартуға арналған жиында «Сайрам-Өгем» және «Түркістан-Сырдария» парктерінен ұсынылған 5 жер учаскесі таныстырылды.

Айта кетейік, бүгінге дейін «Сайрам-Өгем» паркінің 9,5 мың гектардан астам аумағын құрайтын 218 жер учаскесі ұзақ мерзімді пайдалануға, 217 гектардан астам аумақты алатын 114 жер телімі қысқа мерзімді пайдалануға берілген.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу