Айдын Айымбетов «Намыс» орденімен марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айдын Айымбетов «Намыс» орденімен марапатталды

25.01.2016
Айдын Айымбетов «Намыс» орденімен марапатталды
Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде өткен шарада, ғарышкерге орденді ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұл табыстады.

Шарада Қорғаныс министрлігі Орталық аппараты құрылымдық бөлімшелері, Ақмола өңірлік гарнизонының әскери бөлімдері мен мекемелерінің қызметшілері арасында өткен шаңғы жарысының жеңімпаздары Тимур Сыпатаев, Байтемір Сыздықов, Жарқын Тұрсынбеков және Камила Нұртазина бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Рустам БАЙДӘУЛЕТ

Хабарламаларға жазылу