Жас ұшқыштар алғаш рет тікұшақ тізгіндеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жас ұшқыштар алғаш рет тікұшақ тізгіндеді

23.01.2016
Жас ұшқыштар  алғаш  рет  тікұшақ тізгіндеді
Жас ұшқыштар  алғаш  рет  тікұшақ тізгіндеді

Қазақстанның Әскери әуе күштерінің жас ұшқыштары тікұшақты ұшыруды үйрене бастады. 19132 әскери бөлімінде қызмет атқаратын жас ұшқыштар МИ-17В-5 және ЕС-145 «Еврокоптер» тікұшақтарында командирдің көмекшілері ретінде жаттығуларын бастады. Тікұшақтарда ұшуға лейтенанттар Арман Қарабалин мен Мәди Ақарыс жіберілді.

Бұл ұшқыштар өткен жылдың қазанында ғана Әуе қорғанысы күштерінің Кеңес одағының екі мәрте батыры Талғат Бишелдинов атындағы әскери институтын бітіріп шыққан мамандар. Олар жас ұшқыш-офицерлер ретінде Қазақстанынң әскери әуе күштеріне қызметке келген-ді. Бірақ, оқу орынындағы жаттығулар сияқты емес тікелей жауынгерлік тапсрыма бойныша ұшу мүлдем бөлек дүние. Жас офицерлер ұшардың алдында тиісті нұсқаулықпен танысып, арнайы сынақ тапсырды
.

Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу