Астанада түнде жүретін қоғамдық көлік бағыттары ашылады

22.01.2016
Астанада түнде  жүретін  қоғамдық көлік бағыттары ашылады
Астанада түнде  жүретін  қоғамдық көлік бағыттары ашылады

Астана қаласында қоғамдық көліктердің бірқатары түнде де қызмет жасайды. Бұл туралы Астана қаласы Есіл ауданының әкімі Сабила Мұстафина айтты.

Тұрғындармен есеп беру кездесуінде аудан әкімі қалада үш бағытта жүретін қоғамдық көліктің түнде де жұмыс істейтінін мәлімдеді. Дәлірек айтқанда, 200, 201, 202 бағыттарындағы қоғамдық көліктер түнде де жүмыс істеу кестесіне көшірілмек.

«Жол инфрақұрылымын дамыту қоғамдық көлікте халыққа қызмет көрсетуді жақсартуға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде маршруттарды оңтайландыру аясында түнгі үш маршрутты (200, 201, 202) қосу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Маршруттар мен бағыттар түнде жұмыс істейтін объектілер негізінде, сондай-ақ, түнгі уақытта корреспонденцияның жүруін ескере отырып жасалды», – деді Есіл ауданының әкімі Сабила Мұстафина.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу