Әскери теңіз күштерінің кемелері Ақтау портында орналасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әскери теңіз күштерінің кемелері Ақтау портында орналасады

24.12.2015
Әскери теңіз  күштерінің кемелері Ақтау портында орналасады
Әскери теңіз  күштерінің кемелері Ақтау портында орналасады


2016 жылы Қазақстанның әскери-теңіз күштерінің кемелері үшін пирс салынады. Кемелердің тұрағы саналатын пирс құрылысының жұмысы қазір қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әдетте пирстер кемелерге құрал-жабдықтар жеткізуге, сапардан оралған кемелерді айлақ төңірегіне «арқандап» қоюға арналған техникалық құрылыс болып саналады. Ал, әскери-теңіз күштеріне арналған пирсте жауынгерлік кемелер тұрақтайды.
Әскери теңіз  күштерінің кемелері Ақтау портында орналасады

Еліміздің тарихында әскери-теңіз күштеріне арналған пирс алғаш рет салынып жатыр. Құрылысы биыл басталған пирс Ақтау халықаралық теңіз портының аумағында орналасатын болады. Мамандар әскери кемелердің өз пирсінің болуы әскери-теңіз күштерінің қызметін одан әрмен жетілдіруге мүмкіндік бермек. Өйткені, күні бүгінге дейін Әскери-теңіз күштерінің кемелері Ақтаудан 140 шақырым қашықтықтағы Баутино елдімекеніндегі пирсте тұрақтайды. Оның өзі жалға алынған пирс.
Қазақстан Республикасы Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы, контр-адмирал Жандарбек Жанзақов: «Әскери-теңіз күштері кемелерінің Ақтау портында тұрақтайын орынының құрылысы аяқталған кезде теңізшілердің Каспий теңізі арқылы төнуі мүмкін қауып-қатерге дер кезінде тойтарыс беру мүмкіндігі артады. Сонымен қатар, кез келген әскери кемені Каспий теңізіне жедел шығаруға мүмкіндік береді. Әрі кемелердің материалдық-техникалық қажеттіліктерін өтеу, техниканың моторесурсы мен қару-жарақ тасымалына кететін шығындарды азайтып, жанар-жағармайды үнемдеуге де септігін тигізбек»,-деп атап өтті.

Қазір 1,2 гектар аумақты алып жатқан пирс құрылысын «Әскери-Құрылыс» АҚ жүргізіп жатыр. Пирс құрылысы 2016 жылы толық аяқталады.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу