Айта кетейік, кеше, желтоқсанның 21-і күні ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитетінде дін саласындағы мәселелерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау бойынша журналистерге арналған оқыту тренингі өтті.
Шара барысында дін саласындағы өзекті мәселелерді белсенді түрде жариялаған БАҚ өкілдерін марапаттау рәсімі өтті.
Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзінде БАҚ өкілдеріне Дін істері комитеті тарапынан өткізілетін іс-шараларды кеңінен көрсету, қазақстандық қоғамдағы конфессияаралық келісімді насихаттау мен деструктивті және радикалды жалған діни ағымдардың идеяларына қарсы тұру бағытындағы белсенді жұмыстарына алғысын білдірді.
БАҚ өкілдері «Үздік баспа БАҚ журналисі», «Үздік телевизиялық БАҚ журналисі», «Үздік интернет БАҚ журналисі» және «Үздік аймақтық БАҚ журналисі» аталымдары бойынша марапатталды.
«Үздік баспа БАҚ журналисі» аталымы бойынша бірінші орынды «Егемен Қазақстан» Республикалық газеті» бас редакторының орынбасары Самат Мұса жеңіп алса, екінші орынды «Литер» газетінің журналисі Татьяна Казанцев, үшінші орынды «Казахстанская правда» газетінің журналисі Инеш Бежановаға алды.
Ал, «Үздік телевизиялық БАҚ журналисі» аталымы бойынша бірінші орынды «Қазақстан» Ұлттық арнасының «Иман айнасы» бағдарламасының журналисі Жанна Үмбетова иеленді. Осы аталымдағы екінші орынға «Еуразия бірінші арнасы» телеарнасының жаңалықтар бөлімінің редакторы Берік Дүйсенбай қол жеткізсе, үшінші орын «Хабар» телеарнасының журналисі Шынар Сағындықоваға бұйырды.
Сондай-ақ «Үздік интернет БАҚ журналисі» аталымы бойынша бірінші орын «Zakon.kz» ақпараттық агенттігінің журналисі Торғын Нурсейітоваға, екінші орын «Baq.kz» ақпараттық агенттігінің журналисі Майгүл Сұлтанға, үшінші орын «Total.kz» ақпараттық агенттігінің журналисі Айнұр Қоскинаға берілді.
«Үздік аймақтық БАҚ журналисі» аталымы бойынша бірінші орынды «Астана Ақшамы» газетінің журналисі Азамат Есенжол жеңіп алды.