Қазақстанның табиғаты ресейлік блогерді таң қалдырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның табиғаты ресейлік блогерді таң қалдырды

18.12.2015
Қазақстанның  табиғаты ресейлік  блогерді таң қалдырды
Қазақстанның  табиғаты ресейлік  блогерді таң қалдырды

Ресей блогері Дмитрий Балакирев Қазақстан табиғатын суреттейтін видео жариялады. Youtube-ке 17 желтоқсанда жарияланған видеоде Шарын каньоны, Қорғас, Түркістан мен Алматы қалаларының, Жамбыл облысының әдемі жерлері көрсетілген.

Блогер Қазақстанда өткен қазан айында болған. Ол ҚР Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырған блог-турға қатысса керек. Ол өз сөзінде ресейліктердің Қазақстан жерін тек далалық аймақтар деп қана ойлайтындығын айтқан. Бірақ, еліміздің көрікті жерлерін өз көзімен көрген Д.Балакирев таң қалғанын жасырмады
.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу