БҰҰ адам дамуы индексінде Қазақстан биыл 56 орынға көтерілді. Сөйтіп, өткен жылғымен салыстырғанда еліміздің индекстегі орыны 14 позицияға жақсарған.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі БҰҰ-ның 2015 жылғы адам дамуы индексі Эфиопия астанасы Аддис-Абебе қаласында таныстырылғанын хабарлады. Деректерге қарағанда Қазақстан адам дамуы көрсеткіші жағынан жоғары деңгейге қол жеткізген ел. Индексте бір жылда 14 сатыға көтерілу соның айғағы.
2015 жылы Қазақстандағы адам дамуы индексі 0,788 болған. Бұл көрсеткіш өткен жылы 0,757 еді. Ал, азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы биыл 69,4 жасқа жетіпті. Өткен жылы 66,5 жас ретінде көрсетілген. Яғни, бір жылда бұл көрсеткіш 3 жылға жақсарып отыр. Сонымен қатар, біздің елде адам басына шаққандағы жалпы ұлттық табыс 20 мың 876 долларға жетіпті.
Бір атап өтер жайт, Human Development Index –те дәл Қазақстан тәрізді бір жыл ішінде жоғары көрсеткішке қол жеткізген мемлекет жоқ. Қазақстан өз позициясын 14 сатыға жақсартса, Моңғолия 13, Сербия 11, Алжир мен Эквадор 10 сатыға өз позицияларын жақсартқан. Дегенмен, рейтингтің басында Норвегия тұр. Одан соң Австралия мен Швейцария орналасқан. Алайда, бұл елдерде адам даму индексі өткен жылдан бері еш өзгеріссіз қалған.

Kaznews.kaztrk.kz