Қазақ халқы өзінің аяулы перзенті, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Республикасының Еңбек Ері Әбіш Кекілбаевтан айырылды. Заңғар жазушы бүгін өмірден озды.
Әбіш Кекілбайұлы 1939 жылдың 6 желтоқсанында Маңғыстау облысы Оңды ауылында өмірге келген. Әдебитке құмарлығы бала күнінен-ақ байқалған жазушы өзінің алғашқы мақалалары «Лениншіл жас» газетінде жарияланып тұрды. Жазушының алғашқы өлеңдер жинағы «Алтын шуақ» деген атпен 1962 жылы жарық көрген.
Ауыл өмірінен жазылған повесть, әңгімелер жинағы «Дала балладалары» - жазушының кең тынысты эпик, суреткерлік болашағын танытады. 1974 жылы «Дәуірмен бетпе-бет» сын мақалалар жинағы, 1979 жылы «Тырау-тырау тырналар», 1982 жылы «Шыңырау» повестер жинағы, 1992-1993 жылдары Таңдамалы екі томдық, 1995 жылы «Заманмен сұхбат», 1998 жылы «Азаттықтың ақ таңы», публицистикалық мақалалары, толғамдары, 1999 жылы 12 томдық шығармалар жинағы жарыққа шықты.
Әбіш Кекілбайұлының «Үркер» (1981), «Елең-алаң» (1984) романдары қазақ әдебиетінің үлкен табысы ретінде бағаланып, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын алды.
2001 жылы шыққан «Талайғы Тараз», 2002 жылы шыққан «Шандоз» тарихи тақырыпты ғылыми дәйекпен, дерекпен түсінікті ұғымды етіп жеткізудің жаңа бағыт-бағдарын белгілеп берді. 2009 жылы «Сыр десте» деп аталатын автордың көпжылдық ой-толғаулары, эссе, естелік, сөйлеген сөздерінің бестомдық жинағы жарыққа шықты.
Әбіш Кекілбайұлының көптеген шығармалары ТМД халықтары мен шетел тілдеріне аударылған. 1995 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің бейбітшілік және рухани келісім сыйлығын, 1999 жылы «Отан» орденін, Түркі елдері қауымдастығының шешімімен «Түркі дүниесіне сіңірген еңбегі үшін сыйлығын» алды.
2003 жылы «Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапатталды.
2009 жылы Әбіш Кекілбайұлына Қазақстан Республикасының Еңбек Ері атағы берілді.
Саналы ғұмырында тек жазушы ғана емес, қоғам қайраткері ретінде де таныла білген Әбіш Кекілбайұлы 1996-2002 жылдары Қазақстан Республикасының алғашқы Мемлекеттік хатшысы қызметін атқарды. ҚР Парламенті Сенатының, Мәжілісінің, одан бұрын Қазақстан Жоғарғы кеңесінің депутаты болды.

kaznews.kaztrk.kz