ІІІ Астана интернет форумында жалған ақпарат таратпау мəселесі талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ІІІ Астана интернет форумында жалған ақпарат таратпау мəселесі талқыланды

04.12.2015
ІІІ Астана интернет форумында жалған ақпарат таратпау мəселесі талқыланды
ІІІ Астана интернет форумында жалған ақпарат таратпау мəселесі талқыланды
ІІІ Астана интерне форумында жалған ақпарат таратпау мəселесі өзекті тақырыптардың бірі ретінде талқыланды
Себебі, отандық интернет кеңістігінде жəне БАҚ арқылы жалған ақпараттардың таралу мүмкіндігі жоғары. Мұндай келеңсіздікке жол бермеу өзекті болып тұр.

Блогер Жалғас Ертай контент-менеджерлер мен журналистердің фактчекинг мəселесіне көңіл бөлу керектігін айтады. «Фактчекинг өте маңызды. Оның атасы- күдік. Одан соң ақпаратты тексеру, қарсы жақтың пікірін тыңдау, фейк аккаунттарды анықтау, эмоцияға берілмей фактоидтарды ажырата білу, əлеуметтік желілерде айтылатындарға бірден сенбеу керек»-дейді блоггер.

Деректерді тексермей жариялау қоғамның тұрақтылығына да кері əсер етуі мүмкін. Сондықтан, форумға қатысушылар ақпараттық қауіпсіздік үшін жалған ақпарат таратпау керектігін атап өтті.

Хабарламаларға жазылу