Келер жылдан бастап еліміздің елтаңбасы өзгеше кейіпке енбек. Бұл туралы бүгін Мемлекеттік рәміздің авторы, сәулетші Жандарбек Мәлібеков мәлімдеді.
Ол елтаңба өлшемдерін жасаудың жаңа стандарттары бекігендігін айтты. Ал, оны дайындап шығу үшін 6 жыл уақыт қажет болыпты. Рәміз авторының айтуынша өзгеріс көбіне рәмізді бояу тәсіліне енді. Себебі, қазір Елтаңбаны дайындайтын мекемелер оның кей бөлшектерін ұмытып кетеді екен. Сонымен бірге, елтаңбаны әркім өз бетінше бояуды әдетке айналдырып алған. Салдарынан мемлекеттік рәміз өз түсін тез жоғалтып, тозған кейіпке енеді.
Сондай-ақ, елтаңбаның әр бөлшегінің өз атаулары бар. Жандарбек Мәлібековтың айтуынша бұл атаулар саны 40 тан асады.

Kaznews.kaztrk.kz