Ғарышкерлер Ұлттық музейді аралады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғарышкерлер Ұлттық музейді аралады

19.11.2015
Ғарышкерлер  Ұлттық музейді аралады
Ғарышкерлер  Ұлттық музейді аралады

Бүгін Астанадағы Ұлттық музейде «Жұлдызды жолдардың қаһармандары» атты дөңгелек үстел жиыны өтті. Бұл шара Байқоңыр ғарыш айлағының 60 жылдығына арналып отыр.

Шараға қазақ ғарышкерлері, «Халық қаһармандары» Талғат Мұсабаев пен Айдын Айымбетов қатысты. Ғарышкерлер Ұлттық музейді аралап көрді. Сонымен қатар, дөңгелек үстелде «Байқоңыр» ғарыш айлағының салыну тарихына қатысты, айлақтың Қазақстанның ғарыш қызметіне қосқан үлесі төңірегінде пікірлер айтылды. Еліміздің ғарыш саласындағы жетістіктері, даму келешегі, ғарыш саласында жаһандық ынтымақтастық , Президенттің отандық ғарыш зерттеу саласын дамытуға қосқан үлесі де талқыланды.

Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу