Өлмейтұғын артына сөз қалдырған... - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған...

14.11.2015
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған...
Ол тұлпардың тұяғы болатын, атасы Жамбыл ақынның көзін көріп, сөзін тыңдаған, тәлімін алған жан еді. Қазақтың айтыс өнерінде де өзіндік қолтаңбасын қалдырып үлгерген-ді.

Жасымнан мен жақсыға жақын жүрмін,
Дария шалқар көлдей тасып жүрмін,
Айтысып, өлеңімді шашып жүрмін,- деп туған халқын тамаша өлең-жырмен сусындатқан болатын. Сөйткен, Әлімқұл Жамбылов ақсақалды «өмірде жоқ» деуге қимайсың. Бірақ, ақиқаты осы.

Ақын 14 қарашада дүниеден озды. Артына өлең мен жырдан мұра қалдырды. Дегенмен, айтары да әлі мол еді. Өкініштісі, Әлімқұл ақсақалдың таспаға жазылған бейнелері көп емес. Біздің қолымызда тек «Қазақстан» телерадио корпорациясының мұрағатында сақталған бейнатаспалар ғана бар. 2001 жылы Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығы қарсаңында ағынан жарылған Әлімқұл Жамбылов халқына ризашылығын білдірген-ді. Абыз ақсақалдың сол бейнесін Сіздерге ұсынамыз.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу