Жаңадан салынатын Балхаш ЖЭС құрылысы тоқтап тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңадан салынатын Балхаш ЖЭС құрылысы тоқтап тұр

11.11.2015
Жаңадан салынатын Балхаш ЖЭС құрылысы тоқтап тұр
Бұл туралы Мәжіліс депутаты Омархан Өксікбаев Премьер-Министрдің атына жолдаған депутаттық сауалында мәлімдеді.

Оның айтуынша, 2011 жылы Оңтүстік Корея мен Қазақстанның арасында осы жобаны салу бойынша арнайы келісімге қол жеткен болатын. Бірақ осы күнге дейін тек 25 миллиард теңге игерілген.

Оның 16 миллиард яғни 65 пайызы жобалық сметалық құжаттарын дайындауға жұмсалған. Ал нақты құрылыс жұмыстары әлі басталмаған.
Қуат күші 1 мың 320 мегаватқа тең және оңтүстік аймақтарды электр энергиясымен қамтуға қауқарлы жобаның жұмысын депутаттар Үкімет басшысынан сұрады.

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу