Бейжіңде Қазақстан мен Қытай қатынастары туралы кітап жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейжіңде Қазақстан мен Қытай қатынастары туралы кітап жарық көрді

11.11.2015
Бейжіңде Қазақстан мен Қытай қатынастары туралы кітап жарық көрді
Бейжіңде «Қытайдағы Қазақстан достары» клубы құрылды.

Аталмыш шараға бірқатар дипломаттар, және мамандар қатысты. Сондай-ақ , «Біз және сіз: Қазақстан мен Қытай туралы тарих» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Бұл -қос мемлекеттің дипломатиялық қатынасының дамуына елеулі үлес қосқан тұлғалардың еңбектерінің жиынтығы. Орыс және қытай тілдерінде жарық көрген туындыны жазуға Қытайдың Қазақстандағы бұрынғы елшісі Чжоу Сяопэй бастамашы болды. Чжоу Сяопэй «бұл кітап екі мемлекеттің, екі ел дипломаттарының шынайы достығының бірден бір айғағы», дейді.

Дәурен БАУЫРЖАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу