Медиация – билер билігінің жалғасы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Медиация – билер билігінің жалғасы

10.11.2015
Медиация – билер билігінің жалғасы

Жаңа азаматтық іс жүргізу кодексінің мақсаты – дауды азайтып, судьяларға түсетін салмақты жеңілдету.


Билер билігінің жалғасы. Кезінде елдегі кез келген дау-дамайды бітімгершілікпен шешкен Қазыбек, Әйтеке, Төле билердің дана саясаты бүгінгі сот жүйесіне енді.

Жаңа азаматтық іс жүргізу кодексі тартысқан тарапты сотқа жеткізбей-ақ татуластыруға, мәмілеге келуге мүмкіндік береді.

Араағайындық жасау құқығы медиатор мен судьядан бөлек, адвокат пен нотариусқа да беріліп отыр. Бұл дауды шешудің төте де тиімді жолы болмақ.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу