Жол қозғалысы ережесіне енгізілетін өзгерістер талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жол қозғалысы ережесіне енгізілетін өзгерістер талқыланды

07.11.2015
Жол қозғалысы ережесіне енгізілетін өзгерістер талқыланды
Елімізде жол қозғалысы ережесіне енгізілетін өзгерістер енді жергілікті әкімшілік полиция қызметкерлерінің ұсынысы бойынша қабылданады.

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Нұрлан Жазылбеков Алматы қалалық әкімшілік полиция қызметкерлерімен кездесуінде мәлімдеді. Парламентте қарастырылып жатқан жаңа ережелерге байланысты сақшылардың пікірін тыңдады.

Қауіпсіздік шарасын күшейту үшін қай тұрғыда қатаң жаза қолдану керек немесе оны жеңілдету мәселелері қандай деген сұрақ төңірегінде ой бөлісті. Сондай-ақ, айыппұл төлеудің тәртібі де талқыланды.

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу