Энергияүнемдегіш технологияларды енгізу маңызды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Энергияүнемдегіш технологияларды енгізу маңызды

04.11.2015
Энергияүнемдегіш технологияларды енгізу маңызды
Энергияүнемдегіш технологияларды қолданып салынған үйлердің бағасы шаршы метрге шаққанда 70 долларға қымбат.

Есесіне коммуналдық қызметтерге төлемдер әлдеқайда арзан шығады. Бүгін Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы Қазақстанда энергияүнемдегіш ғимараттар салуды дамыту бағдарламасын қорытындылады. Үш жылға созылған бағдарлама аясында құрылысшылар мен сәулетшілерге энергия үнемдейтін нормалар мен әдістемелер әзірленген.

Сондай-ақ, тиісті экономикалық сараптама жасалған. Оған сәйкес, энергия үнемдеу нормаларымен салынған үйлерде коммуналдық төлемдер отыз пайызға дейін арзан шығатыны анықталған. Мамандар бұл тек тұрғындар үшін емес, мемлекет үшін де пайдалы екенін айтты.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу