Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары бірыңғай байланыс орталығы арқылы құзырлы орындарға шағымдарын жеткізе алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары бірыңғай байланыс орталығы арқылы құзырлы орындарға шағымдарын жеткізе алады

04.11.2015
Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары бірыңғай байланыс орталығы арқылы  құзырлы орындарға шағымдарын  жеткізе алады
Оңтүстік Қазақстан облысының жұртшылығы тұрғын үй мен коммуналдық шаруашылыққа қатысты туындаған қиындықтарын енді бірыңғай байланыс орталығы арқылы құзырлы орындарға жеткізе алатын болды.

Облыс әкімдігі жанынан ашылған орталық азаматтардың арыз-шағымын тіркеуге алып, сол мезетінде коммуналдық қызмет көрсететін мекемелерге жолдап отырады.

Ең бастысы оның уақытылы орындалуы қатаң бақылауға алынады. Байланыс орталығы бір мезетте бірнеше телефон қоңырауын қабылдай алатын замануи ақпараттық құралдармен жабдықталған. Онда 5 оператор жұмыс істейді.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу